Елдегі ер-азаматтар майданға аттанып, тау бөктеріндегі колхоздарда тек шал-шауқан мен бала-шаға қалған шақта, ел ішінде балалар арасында қызылша індеті өршіп кетеді. Дәрі-дәрмек пен білікті маманның жоқтығынан қиналған жергілікті басшылықтың өтініші бойынша, майданға бет алған әскери эшелоннан жас медбике Бибіш Смағұлова Жаңақорған станциясында бұйрықпен түсіріліп қалады. Өз еркімен майдан шебіне ұмтылған қайсар бойжеткеннің соғыс өртіне емес, індет жайлаған Талдысу ауылындағы балалар өмірін арашалауға аттанған алғашқы қадамы мен тағдыр бұрылысы әсерлі суреттеледі.
Шығарма тылдағы халықтың зардабын, жастардың отансүйгіштік рухын және адам өмірін сақтап қалу жолындағы жауапкершілік пен парыз ұғымын терең ашады.